🇰🇿 Отбасылардың табысының бірдей болуы әл-ауқатының бірдей екенін білдірмейді

Әр отбасының нақты жағдайын жан-жақты бағалау үшін Отбасының цифрлық картасы сегіз бағыт бойынша 59 көрсеткішті талдайды. Олардың қатарында отбасы құрамы, табыс деңгейі, тұрғын үй жағдайы, мүлкі мен кредиттік міндеттемелері бар.

Осы мәліметтер негізінде отбасының цифрлық бейіні қалыптастырылып, ондағы деректер автоматты түрде жаңартылып отырады. Ал отбасының әл-ауқат деңгейі ай сайын қайта есептеледі.

▶️ Жүйенің қалай жұмыс істейтінін және мемлекеттік қолдауға мұқтаж отбасыларды анықтауға қалай мүмкіндік беретінін видеоматериалдан көріңіз.

← Барлық жарияланымдарға