Медицина ғылымдарының докторы Ақтаева Лязат Мейрашевнаның қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беру үшін құжаттарды ұсыну туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 128 «Ғылыми атақтарды (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 5 қыркүйектегі № 435 бұйрығымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беру үшін ізденуші – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас директоры, медицина ғылымдарының докторы Ақтаева Лязат Мейрашевна туралы ақпаратты орналастырады.
- 1-қосымша – «30300 – Денсаулық туралы ғылымдар» (30305 – «Қоғамдық, экологиялық және кәсіптік денсаулық сақтау») ғылыми бағыты бойынша қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алуға үміткер туралы анықтама.
- 2-қосымша – Халықаралық рецензияланатын ғылыми басылымдардағы жарияланымдар тізімі.11
- 3-қосымша – Докторлық диссертациясын қорғағаннан кейін «30300 – Денсаулық туралы ғылымдар» (30305 – «Қоғамдық, экологиялық және кәсіптік денсаулық сақтау») ғылыми бағыты бойынша жарияланған ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің тізімі.
