Қостанай облысындағы жаңа өмір

Биыл Қостанай облысына 63 қандас отбасы қоныс аударды. Бұл – 200-ден астам адам. Ал соңғы үш жылда өңірге барлығы 868 адам көшіп келген.

Өңірлік квота аясында қоныс аударушыларға мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, көшуге және баспана алуға, жұмысқа орналасуға, білім алуға, сондай-ақ өз кәсібін ашуға көмек беріледі.

Қостанай қаласында қандастар мен қоныс аударушыларды бейімдеу және интеграциялау орталығы жұмыс істейді. Мұнда азаматтарға кеңес беріліп, құжаттарын рәсімдеуге, жұмыс табуға және жаңа ортаға бейімделуге көмектеседі. Сонымен қатар уақытша баспанамен қамтамасыз ету қызметі де қарастырылған.

Қандас отбасылардың жаңа қонысқа қалай бейімделіп, тұрмысын қалай қалыптастырып жатқанын бейнематериалдан көріңіздер.

← Барлық жарияланымдарға