🔹2026 жылғы 1 маусымда «Atameken Business»телеарнасының «Tüski Format» бағдарламасы эфирінде «Балаларға неше жастан жұмыс істеуге рұқсат беру керек?» тақырыбында сұхбат өтті.
Сұхбатқа «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК Бас директордың орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Бекмағамбетов және институттың аға ғылыми қызметкері А.Шилменова қатысты.
Бағдарлама барысында кәмелетке толмағандардың еңбек қатынастарына қатысу ерекшеліктері, балалар еңбегін құқықтық реттеу мәселелері, еңбек заңнамасында көзделген талаптар мен шектеулер, сондай-ақ жасөспірімдердің еңбек құқықтарын қорғаудың өзекті аспектілері жан-жақты талқыланды.



