2023 жылғы 24 қазанда «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК-да Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Институттың бас директоры Ш.Әбікенова ұжымды келе жатқан мерекемен құттықтап, ғылымға қосқан үлесі және тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-еңбек саласын дамытудағы баға жетпес еңбегі үшін алғысын білдірді.
 
Мемлекет тарихы институтының ғылыми-ақпараттық бөлімінің басшысы Е. Амангосов «Республика күнін атап өтудің тарихи маңызы» тақырыбында баяндама жасады. Институттың құрылымдық бөлімшелері мен облыстық филиалдарының үздік қызметкерлері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің төсбелгілерімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.