2023 жылғы 7 тамызда 2030 жылға дейін Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеудің жол картасының №5 бағыты бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Топ қатысушылары оқыту мен білімді тексеру рәсімдерін ажырату, білімді тексеруден өту құны, тыңдаушыларды санаттау және техникалық ақауларға байланысты интернет желісінің тұрақсыз байланысы мәселелерін белсенді талқылады. Қазақмыс корпорациясы кәсіпорындарының және ERG компаниялар тобының өкілдері кәсіпорындар базасында құрылымдық бөлімше басшыларын оқытуды өз күштерімен өткізу туралы ұсыныс енгізді. Жұмыс тобында еңбекті қорғау саласында оқыту сапасын арттыру, басшылар мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты тұлғалардың білімін тексеру және оқытуды жүргізу тәртібі мен мерзімдері мәселелерін талқылау жалғасуда.