30.06.2023 ж., Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженовтің төрағалығымен, жұмыскерлер бірлестігі және жұмыс берушілер бірлестігінің қатысуымен, Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларының әлеуметтік әріптестігі мен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның отырысы өтті.
Күн тәртібі:
1. Мұнай-газ, мұнай өңдеу және мұнай-химия салаларының әлеуметтік әріптестігі және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі салалық комиссияның құрамына өзгерістер енгізу туралы. (ҚР Энергетика министрлігі)
2. 2023 жылы мұнай-газ саласы үшін Салалық біліктілік шеңберін және кәсіптік стандарттарды бекіту туралы.
(ҚР Энергетика министрлігі, «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ
3. Қазақстан Республикасында 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасындағы кәсіптік тәуекелдерге жаңа тәсілдер туралы (жұмыс орындарын зияндылық (қауіптілік) дәрежесі бойынша саралау бөлігінде). (ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі)
Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі Жол картасы туралы шолу ақпаратпен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты бас директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ә. Б. Бекмағамбетов сөз сөйледі.
Талқылауға кәсіптік тәуекелдерді бағалаудың, жеке қорғану құралдарын ұсынудың, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерге әлеуметтік кепілдіктердің түрлері мен көлемдерін саралаудың жаңа тәсілдері мен тетіктері мәселелері бойынша ҚР Энергетика вице-министрі Ерлан Құдайбергенұлы Ақкенженов, «KAZENERGY» қауымдастығының атқарушы директоры Ләззат Жексенбайқызы Ақмурзина, «Қазақстандық мұнай-газ салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Елена Евгеньевна Мустафина, «Химиялық, мұнай-химия және өндірістің туыстас салалары жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы Керім Пірімқұлұлы Пірімқұлов қатысты.