2023 жылғы 28 шілдеде кесте жоспарына сәйкес онлайн форматта «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК Ұйымдастыру бөлімінің басшысы А.Ғ. Шаяхметова және комплаенс-офицері Е.Б. Тлеубердиев ұйымдастырған Институттың облыстық филиалдарының басшыларымен және қызметкерлерімен жұмыс кеңесі өтті.
Қызметкерлер ҚР Қаржы министрлігі бекіткен 250 нысан бойынша активтер мен міндеттемелер туралы ұсынылған декларацияны талқылады.
Кеңес барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңның негізгі қағидаттарын сақтауға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.