Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының ұжымы Жаманшалов Сейпула Байзулаұлының қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
С.Б. Жаманшалов өз өмірін толығымен Отанға қызмет етуге арнады және тәуелсіз Қазақстан тарихында жарқын із қалдырды.
Сейпула Байзулаұлы партияның аудандық комитетінде, аудандық атқару комитетінде басшылық лауазымдарын атқарды, Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қостанай облысының көші-қон, бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінде басшылық етті.
Зейнеткерлік демалыста басқарушылық және өмірлік тәжірибесін, Қостанай облыстық ЕҚРҒЗИ филиалының басшысы бола отырып, өндірістік объектілерде қауіпсіз еңбекті қамтамасыз ету саласында қолданды. С.Б. Жаманшалов бірнеше рет мемлекеттік наградалармен марапатталған.
Сейпула Байзулаұлының жарқын бейнесі мәңгілікке жадымызда қалады.
Профилактика мен бұзушылықты алдын алу мақсатында еліміздің 3211 кәсіпорны қауіпсіздік пен еңбекті қорғау стандарттарын енгізді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясымен бірлесіп, мүгедектігі бар адамдарды «халықтық бақылаушы» ретінде тартуды көздейтін «Халықтық бақылау» әлеуметтік маңызды жобасы енгізілуде. Бүгінгі күні жобаны жүзеге асыруға республиканың 252 кәсіпорны қосылып, онда 600-ден астам жұмыскер ішкі бақылауды жүзеге асыруда.
2019 жылдан бастап Министрлік тарапынан «Нөлдік жарақат — Vision Zero» тұжырымдамасын жетілдіру болйынша белсенді жұмыс атқарылуда. Оған бүгінде 440 кәсіпорын қосылды.
Сонымен қатар, «Онлайн еңбек консультанты» электронды сервисі іске қосылды. Ол жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында қашықтықтан өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін еңбек заңнамасының сақталуының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Сервис жұмыс берушінің еңбекті қорғау талаптарының сақталуын өзіндік тексеруден өтуін қарастырады. Сервис іске қосылғалы бері 23 420 жұмыс беруші оны пайдаланды.
Ақпарат ҚР ЕХӘҚМ сайтынан