«Мемлекет біздің елімізде жұмыс істейтін барлық ірі өндіруші компаниялардың қызметін өте мұқият бақылап отыр. Біз капиталды шетелге заңсыз шығаруға жол бермейміз. Біз олардың түрлі әлеуметтік бағдарламалардың іске асырылуын қадағалайтын боламыз», — деді Тоқаев Қарағанды облысында жұртшылықпен кездесуде.
Президенттің айтуынша, өндірістерді жаңғырту процесіне, экологияны қорғауға ерекше назар аударылатын болады.
«Ерекше бақылауда-салық төлемдері. Егер ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар бұл талаптарға сай келмесе, біз серіктестікті тоқтатуға мәжбүр боламыз. Бұл ешқандай қауіп емес, бүкіл өркениетті әлемде қабылданған қарапайым, адал және әділ жұмыс ережелері.
Қазақстандағы олигархиялық капитализм дәуірі аяқталып, ел азаматтары алдындағы әлеуметтік жауапкершілік кезеңі басталады. Біздің азаматтарымызға ел экономикасында алдыңғы қатарда тұрған тиімді және әлеуметтік жауапты бизнес қажет»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.