№ 68 техникалық комитет

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы стандарттау жөніндегі

Құрылған күні
2008 жылғы 22 шілде
Негізі
ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің № 363-од бұйрығы
Базасы
Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
Комитет туралы

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы стандарттау жөніндегі № 68 техникалық комитет (бұдан әрі – ТК) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны базасында құрылды.

ТК процестерді (жұмыстарды) және қызметтерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан стандарттау жұмыстарын жүргізеді.

Техникалық комитеттің қызметі

  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік стандарттардың сапалық деңгейін арттыру
  • Халықаралық стандарттарды ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы стандарттарды жоғары ғылыми-техникалық деңгейде уақтылы әзірлеу
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында жаңадан әзірленген және бекітілген стандарттарды сүйемелдеу
  • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы бұрын бекітілген қолданыстағы мемлекеттік стандарттарды сүйемелдеу

Негізге алынатын құжаттар

  • ҚР СТ 1.15-2019Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер. Құру және қызмет тәртібі
  • ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 желтоқсандағы № 919 бұйрығыСтандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, олардың жұмыс істеу және таратылу қағидалары
  • Стандарттаудың ұлттық жоспары

Жоғары оқу орындары бейнематериалдарының «Қауіпсіз еңбек: мамандық және мансап» онлайн кәсіптік бағдар беру көрмесі

15 ЖОО, 18 бейнеролик

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

Халықаралық инженерлік-технологиялық университет

Академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті

Рудный индустриялық университеті

Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті

Қ. Құлажанов атындағы Қазақ технология және бизнес университеті

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті

Бейнероликтер Google Диск арқылы ашылады. Ролик іске қосылмаса, оны жаңа қойындыда ашу үшін бейненің жоғарғы оң жақ бұрышындағы белгішені басыңыз.