Кәсіптік тәуекелдерді бағалау орталығы

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі.

Қызмет мақсаты

Кәсіптік тәуекелдерді бағалау және өндірістік объектілерді аттестаттау негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін жаңғырту бойынша сараптамалық-талдамалық қызметтер көрсету.

Есбенбетова Жанат Халыковна
Орталық басшысы
Есбенбетова Жанат Халыковна

Орталық қызметінің бағыттары

Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау

Кәсіптік тәуекелдерді бағалау

Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері мыналар үшін пайдаланылады

  • Өндірістік объектілерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу
  • Өндірістік орта жағдайларының және жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігінің нақты жай-күйін бағалау
  • Қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және стандарттар талаптарына сәйкестігін айқындау
  • Зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеу фактісін растау, аурудың кәсіппен байланысын айқындау және кәсіптік аурудың диагнозын белгілеу, оның ішінде дауларды сот тәртібімен шешу кезінде
  • Өндірістік объектіні немесе жабдықты пайдалануды тоқтату (тоқтата тұру), сондай-ақ технологияны өзгерту туралы шешім қабылдау
  • Еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау
  • Қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандыруда сақтанушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін айқындау
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген, зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеуді, жеңілдіктер мен өтемақылар беруді негіздеу
  • Қызметкерлердің еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зиянды өндірістік факторлар және олардан қорғану шаралары туралы дұрыс ақпарат алуы

Кәсіптік тәуекелдерді бағалау кезеңдері

  1. Факторларды анықтау

    Зиянды және қауіпті факторларды анықтау: механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық.

  2. Тәуекелдерді бағалау

    Еңбек жағдайларының зияндылығын, жұмыс орнының жарақат қаупін, жабдықтың қауіпсіздігін, жеке қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етілуін және сырқаттану қаупін бағалау.

  3. Нәтижелерді ресімдеу

    Нысандар мен хаттамаларды толтыру, есеп дайындау.

Орталықпен байланыс

Байланыс деректері мен сұрағыңызды қалдырыңыз, орталық мамандары сізбен хабарласады.