⠀ЕҚРҒЗИ-де Ғылыми кеңестің отырысы өтті

2026 жылғы 26 қарашада Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында 2026 жылы жүргізілген зерттеулердің нәтижелері мен есептері қаралды.

Атап айтқанда, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау, кәсіптік тәуекелдерді бағалау, кәсіптік аурулардың алдын алу және ұжымдық қорғаныс құралдарын қолдану мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар 2028–2030 жылдарға арналған ғылыми-техникалық міндеттер, Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек нарығын және өнеркәсіптік қауіпсіздікті дамыту тұжырымдамасы қарастырылды.

Отырыс аясында Институт мамандарының қызметтік іссапарларының қорытындылары бойынша есептері тыңдалды.

← Барлық жарияланымдарға