Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда қосарлы әлеуметтік қолдау

Егер адам ауруға шалдығу немесе жарақат алу салдарынан еңбек ету қабілетін жартылай не толық жоғалтса, оған әлеуметтік қолдаудың екі түрі көрсетілуі мүмкін.

Біріншісі – республикалық бюджеттен төленетін мүгедектік бойынша мемлекеттік жәрдемақы. Ол еңбек өтілінің бар-жоғына қарамастан тағайындалады.

Екіншісі – азаматқа әлеуметтік аударымдар төленген жағдайда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан берілетін ай сайынғы әлеуметтік төлем.

Қордан төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшері әр адамға жеке есептеледі. Ол еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесіне, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және ресми табысына байланысты болады.

Бұл төлем отбасының тұрмыстық жағдайына қарамастан тағайындалады және азамат еңбек қызметін жалғастырған жағдайда да төлене береді.

Әлеуметтік төлемді қалай рәсімдеуге болады және тағы нені білген абзал? Толығырақ бейнероликтен көре аласыздар.

🔗 Толығырақ

← Барлық жарияланымдарға