Отбасының цифрлық картасы 30-дан астам дерекқордағы мәліметтерді біріктіріп, 20 миллионға жуық азамат туралы ақпаратты қамтиды. Осы деректер негізінде әр отбасының бірыңғай цифрлық бейіні қалыптастырылып, қазақстандықтардың әл-ауқат деңгейін жан-жақты бағалауға және мемлекеттік қолдауға мұқтаж азаматтарды анықтауға мүмкіндік береді.
Отбасының әлеуметтік-экономикалық жағдайы нашарлаған жағдайда жүйе ықтимал тәуекелдерді автоматты түрде анықтап, азаматтардың өз бетінше өтініш беруінсіз көмек көрсетудің проактивті тетіктерін іске асыруға жағдай жасайды.
Бүгінде Отбасының цифрлық картасының деректері негізінде 12 мемлекеттік қызмет проактивті форматта көрсетіледі.
▶️ Жүйенің қалай жұмыс істейтіні туралы толығырақ бейнематериалдан көріңіз.


