ертеңге арналған
ғылым
қызметкер
кандидаты
докторлары
Талдамалық зерттеулер
зерттеу
бағыты
кезеңі
Институт қызметінің бір бағыты ғылыми зерттеулер нәтижелерін практикада қолдануды іздеуге және негіздеуге бағытталған талдамалық және әлеуметтанулық зерттеулер болып табылады.
Талдамалық және әлеуметтанулық зерттеулер еңбек саласына қатысты түрлі аспектілер бойынша ағымдағы жағдайды бағалауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша зерттеу міндеттері
Ғылыми-техникалық бағдарламалар
Ғылыми зерттеулер орталығы (ҒЗО) РНИИОТ-тың құрылымдық бөлімшесі. Орталық еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу, ғылыми-әдістемелік, талдамалық және қолданбалы қызметті жүзеге асырады.
ҒЗО цифрландыруды, автоматтандыруды және жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын ескере отырып, еңбек жағдайлары, кәсіптік тәуекелдер, кәсіптік аурулардың алдын алу, жұмыскерлерді әлеуметтік қорғау және нормативтік-құқықтық әрі нормативтік-техникалық реттеуді жетілдіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлейді.
Ғылыми-техникалық бағдарламаЕңбек жағдайлары және кәсіптік тәуекелдер: «жасыл экономикаға» көшу аясында жіктеу, санаттар және топтастыру өлшемшарттары
- еңбек жағдайларын жіктеу тәсілдері;
- кәсіптік тәуекелдерді жүйелеу және топтастыру;
- кәсіптік тәуекелдерді бағалау және басқару;
- нормативтік және әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру.
Ғылыми-техникалық бағдарламаЗиянды еңбек жағдайларында жұмыс істейтін адамдарға қатысты әлеуметтік кепілдіктердің мемлекеттік тетігін трансформациялау
- әлеуметтік кепілдіктер, өтемақылар мен жеңілдіктер тетіктері;
- қазіргі еңбек жағдайлары мен тәуекелдерді бағалауға сәйкестігі;
- тәуекел деңгейі мен әлеуметтік қорғау шараларының өзара байланысы;
- отандық және халықаралық тәжірибе;
- әлеуметтік қорғау шараларын саралау.
Ғылыми-техникалық бағдарламаЖұмыскерлердің кәсіптік ауруларын анықтау мен алдын алудың ғылыми-әдіснамалық негіздері
- кәсіптік ауруларды ерте анықтау;
- кәсіптік тәуекел факторларын зерттеу;
- зиянды өндірістік факторлардың әсерін бағалау;
- кәсіптік аурушаңдықты мониторингтеу;
- нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар.
Ғылыми-техникалық бағдарламаЖұмыскерлерді ұжымдық қорғау құралдарын таңдау мен қолдануды реттеуді оңтайландыру стратегиясы
- нормативтік-құқықтық және нормативтік-техникалық базаны талдау;
- ұжымдық қорғаудың заманауи құралдары мен жүйелері;
- қорғау құралдарын таңдаудың ғылыми өлшемшарттары;
- тиімділікті бағалау және халықаралық тәжірибе.
Ғылыми зерттеулер орталығы кәсіптік тәуекелдерді азайтуға және жұмыскерлердің денсаулығын сақтауға бағытталған ғылыми ынтымақтастық пен бірлескен жобаларға ашық.
Бізбен байланысу