KIOSH 2026 аясында Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты «Өндірістік объектілер мен алаңдарда дәрігерге дейінгі алғашқы көм…


KIOSH 2026 аясында Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
«Өндірістік объектілер мен алаңдарда дәрігерге дейінгі алғашқы көмек көрсету. Мастер-тренинг» атты тәжірибелік семинар өткізді.

Семинар өндірісте төтенше жағдайлар кезінде қызметкерлердің әрекет ету дайындығын арттыруға,
сондай-ақ медициналық қызметтер келгенге дейін алғашқы көмекті көрсету бойынша практикалық дағдыларды дамытуға бағытталды.

🗣️ Модератор: Рахметова Анар Муратқызы, РҒЗЕОТ жетекші ғылыми қызметкері, м.ғ.к.

🎤 Негізгі спикер:

Арман Аманбаев — DOCTOREON.DE GmbH оқу секторының директоры, директор курстары,
Еуропалық реанимация кеңесінің (European Resuscitation Council) BLS бағдарламалары бойынша курстар директоры.

Мастер-тренинг барысында қатысушыларға өндірістегі жедел жағдайларда алғашқы дәрігерге дейінгі көмекті көрсету бойынша заманауи алгоритмдер көрсетілді,
оның ішінде базалық жүрек-өкпе реанимациясы (BLS), зардап шегушінің жағдайын бағалау
және шұғыл жағдайлардағы әрекеттердің реттілігі түсіндірілді.

Ерекше назар практикалық дағдыларды пысықтауға аударылды,
бұл зардап шегушінің өмірі мен денсаулығына төнетін қауіп-қатерді медициналық көмек келгенге дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Семинар алғашқы көмек көрсету дағдылары еңбекті қорғау жүйесінің ажырамас бөлігі екенін
және өндірістік алаңдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды элементі екенін растады.

← Барлық жарияланымдарға