Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Жамбыл облыстық филиалы ТОО «Almaz Medical Group» мекемесінде жауапты қызметкерлерге арналған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша арнайы кәсіби құзыреттерді дамытуға бағытталған «Қызметкерлердің кәсіптік тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау жүргізу» тақырыбында оқыту жұмыстарын өткізді.
Аталған оқыту барысында қызметкерлерге өндірістік тәуекелдерді анықтау, бағалау және алдын алу бойынша теориялық және практикалық білім берілді. Іс-шара еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыруға, еңбек жағдайларын жақсартуға және өндірістік жарақаттанудың алдын алуға бағытталған.
Біз ұйымдарға еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәсіби тәуекелдерді төмендету бағытында қолдау көрсетуді жалғастырамыз.
Біздің байланыстар:
📍 Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі 15
📞 Тел.: 8 (726) 243 69 73, 8 (726) 243 41 73
📧 E-mail: zhm_nii@rniiot.kz



