2026 жылғы 5 мамырда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры, медицина ғылымдарының докторы — Ақтаева Лязат Мейрашқызы 24KZ телеарнасының «Сұхбат» бағдарламасына қатысып, еңбек қауіпсіздігі, кәсіптік тәуекелдердің алдын алу және оларды тиімді басқару мәселелері бойынша сұхбат берді.
Бағдарлама «24KZ» республикалық телеарнасында көрсетілді.



