🔹2026 жылғы 2 маусымда 24KZ телеарнасының «PRIME TIME» бағдарламасының тікелей эфирінде «Қауіпсіз еңбек жағдайлары мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары» тақырыбында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты Бас директорының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор А.Бекмағамбетов сұхбат берді.
Эфир барысында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін жетілдіру, өндірістік жарақаттанудың алдын алу, сондай-ақ жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған шаралар кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар кәсіптік тәуекелдерді басқарудың заманауи тәсілдері, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз өндірістік ортаны құрудағы жұмыс берушілердің жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.



