Басылым шығару туралы ереже
ЕҚРҒЗИ ғылыми және ғылыми-ақпараттық басылымдарын дайындау, қарау, басып шығаруға ұсыну және шығару тәртібі.
ЕҚРҒЗИ ғылыми және ғылыми-ақпараттық басылымдарды дайындау, қарау, басып шығаруға ұсыну және шығару тәртібі туралы ереже
- Бекіткен орган
- ЕҚРҒЗИ Ғылыми кеңесі, № 3 шешім
- Бекітілген күні
- 2026 жылғы 8 тамыз
- Формат
Құжаттың мақсаты
Ереже ЕҚРҒЗИ ғылыми өнімдерін дайындау мен шығарудың бірыңғай тәртібін белгілейді: қолжазбаны ұсыну және ғылыми сараптамадан (рецензиялаудан) бастап Ғылыми кеңесте қарау, баспаға дайындау, есепке алу, сақтау және таратуға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.
Ереженің негізгі мақсаты — ғылыми басылымдардың сапасын арттыру, ғылыми нәтижелердің дұрыстығын қамтамасыз ету, академиялық адалдық пен авторлық құқық талаптарын сақтау, сондай-ақ ғылыми зерттеулер нәтижелерінің практикалық маңыздылығын арттыру.
Кімдерге қолданылады
Ереже ЕҚРҒЗИ қызметкерлеріне, авторлық ұжымдарға, сондай-ақ ЕҚРҒЗИ қатысуымен ғылыми және ғылыми-ақпараттық басылымдар дайындайтын өзге де авторларға қолданылады.
Ережеде не айқындалған
- ЕҚРҒЗИ-да дайындалатын ғылыми және ғылыми-ақпараттық басылымдардың түрлері
- Басылымдардың мазмұнына, құрылымына және ресімделуіне қойылатын талаптар
- Қолжазбаларды ұсыну және қарау тәртібі
- Ғылыми сараптама мен рецензиялауға қойылатын талаптар
- Басылымдарды Ғылыми кеңесте қарау тәртібі
- Баспаға дайындау талаптары
- Ғылыми басылымдарды есепке алу, сақтау және тарату тәртібі
- Титулдық парақты, кестелерді және библиографиялық сілтемелерді ресімдеу үлгілері
