"Жаңа сын-қатерлер, жаңа тәсілдер"тақырыбында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі I жыл сайынғы Форум.

2022 жылғы 29 маусымда «жаңа сын-қатерлер, жаңа тәсілдер»тақырыбында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі I жыл сайынғы Форум өтті. «Самұрық – Қазына» АҚ Басқарма төрағасы А.Сатқалиев, «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Д. Дудас және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші Вице – министрі А. Сарбасов құттықтау сөз сөйледі. Форумға мемлекеттік органдардың басшылығы, Қордың Директорлар кеңесінің мүшелері, шетелдік қауымдастықтар мен компаниялардың өкілдері қатысты. Форумға шақырылғандардың қатарында Ш. Әбікенова – «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты»ШЖҚ РМК Бас директоры.
Форум аясында ҚР ЕХӘҚМ, РҒЗИ өкілдері және бизнесті дамыту жөніндегі менеджер, NEBOSH оқыту бойынша серіктес Кристиан Хоппермен іскерлік кездесу өтті. NEBOSH моделі жеке оқытуды және білімді тексеруді(емтихан) қамтамасыз ететін кәсіби құзыреттілікті дамыту моделі болып табылады. NEBOSH аккредиттейтін оқу орталықтары оқыта алады және олардың білім сапасын NEBOSH тексереді. Қазақстанда NEBOSH кәсіби құзыреттілігін дамыту моделін қолдану перспективалары талқыланды.

29 маусым 2022.