Мемлекеттік еңбек инспекторларына арналған Семинар

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында Қарағанды филиалы мемлекеттік еңбек инспекторларына еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинар барысында жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларын, оқыту қағидалары мен оқыту мерзімдерін қолдануы, қызметкерлердің, басшылардың және еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге жауапты адамдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша білімдерін нұсқау беру және тексеру мәселелері талқыланды.

14 қараша 2022, Қарағанды қ.