МТСЗН утвердит профессиональный стандарт «Безопасность и охрана труда»

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасын сақтауға жауапты қызметкерлерге қажетті дағдылар мен құзыреттерді айқындайтын кәсіптік стандартын әзірледі. Ведомство басшысының «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» кәсіптік стандартын бекіту туралы» бұйрығының жобасы 2024 жылғы 11 қарашаға дейін «Ашық НҚА» порталында талқылау үшін орналастырылған.

«Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау» кәсіптік стандартын қабылдау еңбекті қорғауды басқару жүйесін жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау және жетілдіру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарды белгілеуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі басшылар мен мамандарға қойылатын біліктілік талаптарын біріздендіруге мүмкіндік береді.

Бұл кәсіптік стандарт сонымен қатар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі (қосымша) білім берудің білім беру бағдарламаларын қалыптастыруға, бейінді мамандарды даярлауды жоспарлы және дәйекті қамтамасыз етуге, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі басшылар мен мамандарды қайта даярлауға немесе олардың біліктілігін арттыруға қойылатын талаптарды белгілейтін болады.

Кәсіптік формалды, формалды емес және информалды оқыту нәтижелерін тануға негіз береді, біліктілікті кәсіби орта ретінде бағалауға және тануға қол жеткізу үшін жағдай жасайды.

Бұйрық жобасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15257882

Министерством труда и социальной защиты населения РК разработан профессиональный стандарт, который будет определять навыки и компетенции, необходимые сотрудникам, отвечающим за соблюдение техники безопасности на предприятиях. Проект приказа главы ведомства «Об утверждении профессионального стандарта «Безопасность и охрана труда» размещен для публичного обсуждения на портале «Открытые НПА» до 11 ноября 2024 года.

Принятие профстандарта «Безопасность и охрана труда» позволит устанавливать требования к деятельности по планированию, организации, контролю и совершенствованию системы управления охраной труда, унифицировать квалификационные требования к руководителям и специалистам по безопасности и охране труда.

Данный профстандарт также будет устанавливать требования к формированию образовательных программ высшего и послевузовского (дополнительного) образования, планомерному и последовательному обеспечению подготовки профильных специалистов, переобучению или повышению квалификации руководителей и специалистов по безопасности и охране труда.

Профессиональный стандарт даст основания признавать результаты как формального, так и неформального и информального обучения, создаст условия для доступа к оценке и признанию квалификаций профессиональной средой.

Ознакомиться с проектом приказа можно по ссылке:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15257882

2024-10-29 | г. Астана