«KIOSH 2025» форумы аясында ЕҚРҒЗИ ұйымдастыруымен «Тәуекелге бағытталған тәсіл негізінде жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті.

2025 жылғы 29 мамырда «KIOSH 2025» форумы аясында ҚР ЕХӘҚМ «ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК ұйымдастыруымен «Тәуекелге бағытталған тәсіл негізінде жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету» тақырыбында семинар өтті. Сессия модераторы –ЕҚРҒЗИ Еңбек гигиенасы және биомониторинг бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының кандидаты Эльмира Кульмагамбетова.
Семинар аясында келесі өзекті тақырыптар қаралды:
• әртүрлі өндіріс салаларында экстремалды жағдайларда еңбек ететін қызметкерлерге арналған смарт-технологиялар мен жасанды интеллект негізіндегі ЖҚҚ-ны қолдану тәжірибесі;
• өрт сөндірушілерге арналған қорғаныс киімдерінің құрылымдық ерекшеліктері;
• ЖҚҚ мен арнайы киімді дайындаудағы 3D модельдер мен «ақылды» материалдарды қолданудың артықшылықтары;
• жалғыз жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған шұғыл көмек беру жүйелері.
Спикерлер халықаралық тәжірибе мен инновациялық шешімдер арқылы өндірістік тәуекелдерді азайту жолдарын ұсынды.
29 мая 2025 года в рамках форума «KIOSH 2025» Республиканский научно-исследовательский институт охраны труда организовал семинар на тему: «Обеспечение СИЗ на основе риск-ориентированного подхода». Модератором сессии выступила Эльмира Кульмагамбетова, к.х.н., ведущий научный сотрудник Отдела биомониторинга и гигиены труда РГП на ПХВ «РНИИОТ МТСЗН РК».
На семинаре были затронуты следующие ключевые вопросы:
• риски и угрозы на рабочих местах в различных отраслях промышленности;
• внедрение смарт-технологий и ИИ в СИЗ для работников, трудящихся в экстремальных условиях (на примере защитной экипировки для пожарных);
• использование 3D-моделирования при разработке спецодежды и обуви;
• применение «умных» материалов и технологий (мембраны, нанопокрытия, полимеры с эффектом памяти) для повышения комфорта и безопасности;
• системы экстренного оповещения для одиночных работников.
Семинар стал профессиональной платформой для обмена опытом в области инновационного подхода к обеспечению безопасности труда с помощью современных СИЗ.
2025-05-29 | г. Астана