«KIOSH 2025» форумы аясында ЕҚРҒЗИ ұйымдастыруымен «Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік және қоғамдық бақылау» тақырыбында семинар өтті

🔹2025 жылғы 29 мамырда «KIOSH 2025» форумы аясында ҚР ЕХӘҚМ «ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК ұйымдастыруымен «Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік және қоғамдық бақылау» тақырыбында семинар өтті. Сессия модераторы –ЕҚРҒЗИ кәсіби құзыреттер орталығы басшысының орынбасары Нұрлан Исекеев.

Семинар шеңберінде келесі мәселелер қарастырылды:

• еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік және қоғамдық бақылаудың негізгі бағыттары;

• мемлекеттік еңбек инспекциясының функциялары мен өкілеттіктері;

• мемлекеттік және қоғамдық бақылау арасындағы үйлестіру және өзара іс-қимыл;

• прокуратура органдарының еңбек заңнамасының сақталуын қамтамасыз етудегі рөлі.

Семинар спикерлері – еңбек қатынастары мен құқық қорғау саласындағы сарапшылар – құқықтық қадағалау тетіктері мен еңбек мәдениетін дамытудағы тиімді тәсілдермен бөлісті.

🔹29 мая 2025 года в рамках форума «KIOSH 2025» Республиканским научно-исследовательским институтом охраны труда был организован семинар на тему «Государственный и общественный контроль в сфере охраны труда». Модератором сессии выступил Нурлан Исекеев, заместитель руководителя Центра профессиональных компетенций РГП на ПХВ «РНИИОТ МТСЗН РК».

В ходе семинара были рассмотрены:

• основные направления государственного и общественного контроля в сфере охраны труда;

• функции и полномочия государственной инспекции труда;

• механизмы координации между государственными органами и институтами общественного контроля;

• роль органов прокуратуры в обеспечении соблюдения трудового законодательства.

Спикеры — эксперты в области трудовых правоотношений и надзорных функций — поделились практиками правоприменения и обсуждали пути формирования культуры безопасного труда через просвещение и участие.

2025-05-29 | г. Астана