KIOSH 2025 форумы аясында «Қауіпсіз еңбек – адам құқығының ажырамас бөлігі: Құқықты іске асырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар өтті.

2025 жылғы 28 мамырда KIOSH 2025 форумы аясында «Қауіпсіз еңбек – адам құқығының ажырамас бөлігі: Құқықты іске асырудың заманауи тәсілдері» тақырыбында семинар өтті. Сессияның модераторы және спикері – ҚР ЕХӘҚМ «ЕҚРҒЗИ» ШЖҚ РМК Қарағанды облыстық филиалының директоры Ардақ Омарова болды.
Семинар аясында еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтауға қолайлы жағдай жасау – адам құқықтарының негізгі бөлігі екендігі талқыланып, осы құқықты қамтамасыз етудің заманауи тетіктері қарастырылды. Қатысушылар халықаралық стандарттар мен цифрлық құралдарды ұлттық тәжірибеге енгізу арқылы жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді жолдарымен танысты.
Семинар еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектесетін заманауи тәсілдер мен құралдар туралы құнды ақпарат беріп, елдегі еңбек қорғау жүйесін жетілдіруге бағытталған нақты қадамдарды талқылауға мүмкіндік берді.
28 мая 2025 года в рамках форума KIOSH 2025 состоялся семинар на тему «Безопасный труд, как неотъемлемое право человека: Современные подходы к реализации». Модератором и спикером сессии выступила Ардак Омарова — директор Карагандинского областного филиала РГП на ПХВ «РНИИОТ» МТСЗН РК.
В ходе семинара рассматривалось право человека на безопасные и здоровые условия труда как часть основополагающих прав, а также обсуждались современные механизмы его реализации. Участники ознакомились с примерами применения международных стандартов и цифровых инструментов в национальной практике обеспечения безопасности на рабочих местах.
Семинар предоставил участникам ценную информацию о современных подходах к обеспечению безопасности труда и стал платформой для обсуждения практических шагов по совершенствованию системы охраны труда в стране.
2025-05-28 | г. Астана