«KIOSH 2025» көрмесі аясында еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлер мен негізгі үрдістерге арналған стратегиялық пленарлық сессия өтті.

2025 жылғы 28 мамыр күні сағат 15:30–17:00 аралығында XIII Қазақстандық халықаралық «KIOSH 2025» көрмесі аясында еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздік саласындағы заманауи сын-қатерлер мен негізгі үрдістерге арналған стратегиялық пленарлық сессия өтті.
Сессия басталар алдында көрменің VIP-тур аясында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ермек Көшербаев және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еңбек қауіпсіздігі мен өндірістік қауіпсіздік саласындағы өнімдер мен технологияларды таныстырған қатысушылардың экспозицияларымен танысты.
Сессия барысында өндірістік үдерістерді цифрландыру мен автоматтандыру, Big Data, жасанды интеллект пен киілетін құрылғыларды еңбек қауіпсіздігін арттыруға пайдалану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ESG қағидаттарын еңбекті қорғау жүйесіне енгізу, еңбек нарығының трансформациясы мен кәсіби тәуекелдер құрылымының өзгеруі тақырыптары қарастырылды.
Мемлекеттік органдардың, бизнес қауымдастықтың және халықаралық ұйымдардың өкілдері еңбекті қорғаудағы алдын алу шараларын күшейту, қауіпсіздік мәдениетін дамыту және халықаралық стандарттарды енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бұл сессия жаһандық өзгерістер жағдайында еңбек қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруге бағытталған тиімді шешімдерді әзірлеуге арналған маңызды диалог алаңына айналды.
28 мая 2025 года с 15:30 до 17:00 в рамках XIII Казахстанской Международной выставки «KIOSH 2025» состоялась стратегическая пленарная сессия, посвящённая современным вызовам и ключевым трендам в области охраны труда и промышленной безопасности.
Перед началом сессии в рамках VIP-тура по выставке заместитель Премьер-министра Республики Казахстан Ермек Кошербаев и министр труда и социальной защиты населения РК Светлана Жакупова ознакомились с продукцией и технологиями, представленными участниками в сфере охраны труда и промышленной безопасности.
В ходе сессии обсуждались вопросы цифровизации и автоматизации производственных процессов, использования Big Data, искусственного интеллекта и носимых устройств для повышения уровня промышленной безопасности. Отдельное внимание было уделено интеграции ESG-принципов, трансформации рынка труда и изменению структуры профессиональных рисков.
Сессия стала ключевой дискуссионной площадкой для обмена опытом и выработки эффективных решений по повышению безопасности и устойчивости рабочих процессов в условиях глобальных изменений.
2025-05-28 | г. Астана