«KIOSH 2025» бас залында «Еңбекті қорғау және кәсіптік денсаулық жүйесін дамытудың заманауи сын-қатерлері мен перспективалары» тақырыбында панельдік сессия өтті

🔹2025 жылғы 28 мамырда сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін KIOSH 2025 бас залында «Еңбекті қорғау және кәсіптік денсаулық жүйесін дамытудың заманауи сын-қатерлері мен перспективалары» тақырыбында панельдік сессия өтті. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми — зерттеу институты» ШЖҚ РМК бас директоры, медицина ғылымдарының докторы Ақтаева Ләзат Мейрашқызы модератор болды.

Сессия аясында қызметкерлердің денсаулығын нығайтудың негізгі бағыттары талқыланды: кәсіптік аурулардың алдын алу, еңбек медицинасын дамыту, корпоративтік әл-ауқат бағдарламаларын енгізу, тәуекелдерді төмендетудің инновациялық тәсілдері және зардап шеккендерді оңалту шаралары. Қатысушылар жүйелі және сектораралық тәсіл, сондай-ақ еңбекті қорғау саласында цифрлық шешімдерді белсенді қолдану қажеттігін атап өтті.

🔹28 мая 2025 года с 12:00 до 13:00 в Главном зале «KIOSH 2025» прошла панельная сессия на тему «Современные вызовы и перспективы развития системы охраны труда и профессионального здоровья». Модератором выступила Актаева Лязат Мейрашевна — генеральный директор РГП на ПХВ «Республиканский научно-исследовательский институт по охране труда» Министерства труда и социальной защиты населения РК, доктор медицинских наук.

В рамках сессии обсуждались ключевые направления по укреплению здоровья работников: профилактика профессиональных заболеваний, развитие медицины труда, внедрение корпоративных программ благополучия, инновационные подходы к снижению рисков и меры по реабилитации пострадавших. Участники подчеркнули необходимость системного и межсекторального подхода, а также активного применения цифровых решений в сфере охраны труда.

2025-05-28 | г. Астана