В Астане состоялся Республиканский форум «Еңбек адамы – Ел мақтанышы»

27 қыркүйекте Астанадағы Президенттік орталықта «Еңбек адамы – Ел мақтанышы» атты Республикалық форум өтті.
Форум Еңбек күні мен Жұмысшы мамандықтар жылына арналды.
Форумға Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектенов, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, «PARYZ» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясының президиум төрағасы Жұмабек Жанықұлов, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Мәжіліс депутаттары, салалық министрліктердің өкілдері, кәсіпорын басшылары, кәсіподақ ұйымдары мен еңбек ұжымдары, сондай-ақ Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғылыми-зерттеу институты қатысты.
Сондай-ақ, Халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Жильбер Унгбо форум қатысушыларына арнаған бейнеүндеуін жолдады.
Форум бағдарламасына стратегиялық және пленарлық сессиялар, LED-көрме, өндіріс озаттарын және шығармашылық байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімдері енді.
Негізгі талқыланған мәселелер:
– жұмысшы мамандықтарының дамуы,
– жастарды өндірістік салаға тарту,
– еңбек жағдайларын жақсарту,
– халықаралық Vision Zero қауіпсіздік стандарттарын енгізу.
Форумның басты мақсаты – еңбек адамының маңызын мойындау, оның қоғамдық мәртебесін арттыру және әлеуметтік әріптестікті қазіргі еңбек саясатының маңызды тетігі ретінде дамыту.
27 сентября в Президентском центре в Астане состоялся Республиканский форум «Еңбек адамы – Ел мақтанышы». Форум был посвящён Дню труда и Году рабочих профессий.
В мероприятии приняли участие Премьер-Министр Республики Казахстан Олжас Бектенов, Министр труда и социальной защиты населения Светлана Жакупова, председатель президиума Национальной конфедерации работодателей «PARYZ» Жумабек Жаныкулов, председатель Федерации профсоюзов РК Сатыбалды Даулеталин, депутаты Мажилиса, представители профильных министерств, руководители предприятий, профсоюзных организаций и трудовых коллективов, а также Республиканский научно-исследовательский институт по охране труда.
Также с видеоприветствием к участникам форума обратился генеральный директор Международной организации труда Жильбер Унгбо.
Программа форума включала стратегическую и пленарные сессии, LED-выставку, церемонии награждения передовиков производства и победителей творческого конкурса среди журналистов.
Основные темы обсуждения:
– развитие рабочих профессий,
– привлечение молодежи в производственную сферу,
– улучшение условий труда,
– внедрение международных стандартов Vision Zero в области безопасности труда.
Главной целью форума стало признание значимости труда человека, повышение его общественного престижа и укрепление социального партнёрства как ключевого элемента современной трудовой политики.
2025-09-27 | г. Астана
