«Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» ЕҚРҒЗИ Ақтау қаласында өткен ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясы президиумының көшпелі отырысына қатысты

ЕҚРҒЗИ ҚР Президентінің жанындағыҚР Ұлттық ғылым академиясы президиумының «Қуатты өңірлік ғылым – қуатты өңір» тақырыбындағы көшпелі отырысына қатысуда. Іс-шара 24–25 сәуір күндері Ақтау қаласында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінде өтуде.
Институт атынан кәсіптіктәуекелдерді бағалау орталығының басшысы Ж. Есбенбетова қатысуда.
Сессия аясында өңірлік ғылымды дамыту және оның әлеуметтік-экономикалық өркендеудегі рөлі, ғылым тиімділігінарттыру мақсатында өңір мен индустрияның технологиялық мәселелерін шешуге бағыттау сынды өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, ғылымның көлік жәнелогистикалық инфрақұрылымды дамытуға, озық технологиялар мен жаңалықтарды енгізуге, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, денсаулық сақтау, экологиялық тұрақтылық және агроөнеркәсіп кешенін ілгерілетуге қосқан үлесі қарастырылды. Сессияда ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары, мемлекеттік құрылымдар мен бизнесөкілдері баяндама жасады.
РНИИОТ принимает участие в выездном заседании президиума Национальной академии наук РК при Президенте РК на тему «Сильная региональная наука – сильный регион», которое проходит 24–25 апреля в Актау в НАО «Каспийский Университет технологий и инжиниринга им. Ш. Есенова».
От института в мероприятии учавствует Ж. Есбенбетова — руководитель Центра оценки профессиональных рисков.
В рамках сессии были обсуждены актуальные вопросы развития региональной науки и её роли в социально-экономическом развитии, повышения эффективности науки через ориентацию на решение технологических задач индустрии и проблем региона. Также был рассмотрен вклад науки в развитие транспортной и логистической инфраструктуры, внедрение передовых технологий и разработок, эффективное использование природных ресурсов, развитие здравоохранения, экологической устойчивости и агропромышленного комплекса. С докладами выступили представители научных организаций, вузов, госструктур и бизнеса.
2025-04-24 | г. Актау