ЕҚРҒЗИ Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) 2 күндік семинарына қатысты

22 сәуірде Астанада Халықаралық еңбек ұйымының (ХЕҰ) «Қазақстанның тау-кен секторында әлеуметтік диалог арқылы еңбек қауіпсіздігін ілгерілету» жобасы аясында екі күндік валидациялық семинар басталды. Іс-шараға мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер, кәсіподақтар мен ұлттық және халықаралық сарапшылар қатысты.
ЕҚРҒЗИ атынан семинарға қатысқан мамандар:
А. Енсебаева – Әлеуметтік-құқықтық зерттеулер бөлімінің жетекшісі
Қатысушылар кәсіби ауруларды есепке алудағы құқықтық және статистикалық базаның жеткіліксіздігі, еңбекке жарамдылықты жоғалту дәрежесін анықтау мен өтемақы алу қиындықтары, өндірістік нысандарды аттестаттау мен еңбек жағдайларын сертификаттау рәсімдерінің кемшіліктері, сондай-ақ өңірлердегі еңбек инспекциясы жүйесіндегі кадр мен ресурс тапшылығы секілді мәселелерге ерекше назар аударды.
ХЕҰ-ның халықаралық сарапшылары өндірістік жарақаттанудың алдын алудың жүйелі тәсілдері мен жұмыс орындарындағы тәуекелдерді бақылауға арналған цифрлық шешімдерді енгізу тәжірибесімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар Қазақстанның ХЕҰ-ның №176 Конвенциясын ратификациялауға дайындықты жеделдету, еңбек инспекциясы жүйесін жаңғырту және кәсіпорындарда кәсіби тәуекелдерді бағалау құралдарын дамыту қажеттігін атап өтті.
—22 апреля в Астане стартовал двухдневный валидационный семинар в рамках проекта МОТ «Содействие охране труда через социальный диалог в горнодобывающем секторе Казахстана». В мероприятии приняли участие представители госорганов, профсоюзов, работодателей, а также национальные и международные эксперты.
От имени РНИИОТ в семинаре участвовали:
А. Енсебаева – руководитель Отдела социально-правовых исследований
Ж. Есбенбетова – руководитель Центра оценки профессиональных рисков
Г. Рахимова – руководитель Центра профессиональных компетенций
Среди ключевых тем – обновлённый Национальный профиль по охране труда, GAP-анализ законодательства в сравнении с Конвенцией МОТ №176 «О безопасности и гигиене труда в шахтах», а также анализ системы государственной инспекции труда в контексте соответствия Конвенциям МОТ №81 и №129.
Особое внимание было уделено проблемам профзаболеваний, процедурам компенсаций, кадровому дефициту в инспекциях и необходимости модернизации системы оценки рисков. Международные эксперты МОТ поделились практиками цифрового мониторинга условий труда и системной профилактики производственного травматизма.
Участники сошлись во мнении о важности подготовки Казахстана к ратификации Конвенции №176 и совершенствованию подходов к обеспечению безопасности труда.
2025-04-23 | г. Астана