ЕҚРҒЗИ магистранттарға арналған практикалық сабақ өткізді

2025 жылғы 17 сәуірде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен ынтымақтастық туралы Меморандум аясында 1 курс магистранттары үшін ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ-де практикалық сабақтар өтті.

Кездесу барысында магистранттарға ЕҚРҒЗИ-дің әлеуметтік-құқықтық зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері Д. Қазбекова өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеудегі сот сарапшылары мен криминалистердің рөлі, сондай-ақ жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) дұрыс қолдану мен жіктеудің маңыздылығы туралы мәселелерді баяндады. Атап айтқанда: ЖҚҚ-мен қамтамасыз етудің ұлттық және жалпыға ортақ халықаралық нормаларының ерекшеліктері; «Жеке қорғаныс құралдары (ЖҚҚ)» терминологиясын ҚР ЕХӘҚМ ЕҚРҒЗИ-мен біріздендіру мен келісудің маңыздылығы.

Сонымен қатар магистранттар ЖҚҚ сапасының негізгі және қосалқы зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсер ету қаупін азайтуға ықпалы, жұмысшыларға арнайы киім мен басқа да жеке қорғаныс құралдарын беру тәртібі, ұжымдық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеу рәсімі, жұмыс берушінің шығындарының қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету тиімділігіне әсері, еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғаларды тергеу материалдарын рәсімдеу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы кәсіби құзыреттілікті арттыру қажеттілігіне қатысты практикалық кейстерді қарастырды.

Сабақ соңында магистранттар әлеуметтік-құқықтық зерттеулер бөлімінің басшысы А. Енсебаева мен аға ғылыми қызметкер Д. Қазбековаға алғыстарын білдірді.

17 апреля 2025 года в рамках Меморандума о сотрудничестве c Евразийским национальным университетом имени Л.Н. Гумилева у магистрантов 1 курса прошли практические занятия в РНИИОТ МТСЗН РК.

В ходе встречи с магистрантами старшим научным сотрудником отдела социально – правовых исследований РНИИОТ Д. Казбековой были освещены вопросы касающиеся роли судебных экспертов и криминалистов в расследовании несчастных случаев на производстве, а также важности правильного применения и классификации средств индивидуальной защиты (СИЗ), в частности: особенности национальных и общепринятых международных норм обеспечения СИЗ; выработки единого подхода и согласования терминологии «Средства индивидуальной защиты (СИЗ)» с РГП на ПХВ «Республиканский научно-исследовательский институт по охране труда».

Помимо этого, магистранты были рассмотрены практические кейсы, связанные с влиянием качества СИЗ минимизацию потенциальных рисков воздействия доминирующих и сопутствующих вредных и опасных производственных факторов, порядком выдачи работникам специальной одежды и других средств индивидуальной защиты, обеспечения их средствами коллективной защиты, процедурой расследования несчастных случаев на производстве, влияния затрат работодателя на эффективность обеспечения безопасных условий труда, оформление материалов расследования несчастных случаев, связанных с трудовой деятельностью, необходимостью повышения профессиональных компетенций в области БиОТ.

По завершению занятия магистрантами была выражена благодарность руководителю отдела социально правовых исследований А. Енсебаевой, старшему научному сотруднику Д. Казбековой.

2025-04-17 | г. Астана