ЕҚРҒЗИ «Қауіпсіздік аумағы» форумында

2025 жылғы 11 сәуірде ЕҚҒЗИ қызметкерлері өндірістік қауіпсіздік және еңбек қорғау бойынша «Қауіпсіздік аумағы» форумына қатысты. Іс-шара Теміртау қаласында өтті. Форумды ұйымдастырушы – «Qarmet» АҚ. Бұл форум еңбек қауіпсіздігі саласындағы мамандардың тәжірибе алмасуына, заманауи сын-қатерлерді талқылауға және өндірістік қауіпсіздік саласына инновациялық шешімдерді енгізуге арналған маңызды алаңға айналды.

Форумның негізгі спикерлері: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Жақыпова, «Qarmet» АҚ бас директоры В. Басин және өндірістік қауіпсіздік саласындағы халықаралық сарапшы Даррен Николс.

Институт атынан келесі қызметкерлер қатысты: Г. Рахимова – Бас директордың коммерцияландыру жөніндегі орынбасарының м.а., Г. Исамадиева – Реттеуші саясат секторының басшысы, Ж. Есбенбетова – Кәсіптік тәуекелдерді бағалау орталығының басшысы және А. Омарова – Қарағанды облыстық филиалының директоры. Сонымен қатар, Г. Рахимова «Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы кәсіби құзыреттерді дамыту ұлттық жүйесінің трансформациясы» тақырыбында баяндама жасады.

Форум еңбек қорғау саласындағы кәсіби диалогты нығайтуға және практикалық шешімдермен алмасуға бағытталған маңызды қадам болды.

11 апреля 2025 года сотрудники РНИИОТ приняли участие в Форуме по производственной безопасности и охране труда «Территория безопасности», который прошёл в городе Темиртау. Организатором мероприятия выступило АО «Qarmet». Форум стал значимой площадкой для обмена опытом между специалистами в области охраны труда, обсуждения современных вызовов и внедрения инновационных решений в сфере промышленной безопасности.

В числе ключевых спикеров выступили: С. Жакупова — Министр труда и социальной защиты населения РК, В. Басин — генеральный директор АО «Qarmet», Даррен Николс — международный эксперт в области производственной безопасности.

От нашего института приняли участие Г. Рахимова — И.о. заместителя Генерального директора по коммерциализации, Г. Исамадиева — Руководитель сектора регуляторной политики, Ж. Есбенбетова — Руководитель центра оценки профессиональных рисков, А. Омарова — Директор Карагандинского областного филиала. Г. Рахимова также выступила с докладом на тему «Трансформация национальной системы развития профессиональных компетенций в области БиОТ».

Форум стал важным шагом к укреплению профессионального диалога и обмену практическими решениями в сфере охраны труда.

2025-04-11 | г. Астана