В журнале „Ардагер“ опубликован материал о ветеране РНИИОТ Абдулле Ахметове

Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғылыми-зерттеу институтының Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша филиалында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келе жатқан, қоғам қайраткері, екі мәрте «Құрмет белгісі» және «Құрмет» ордендерінің иегері, Түркістан облысының, Шымкент, Түркістан, Кентау қалалары мен Шардара ауданының Құрметті азаматы – Абдулла Ахметовтың мақаласы беделді «Ардагер» журналының №7 (2025) санында жарық көрді.

1950 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында дүниеге келген Абдулла Ахметов – саналы ғұмырын ел дамуына, жастар тәрбиесіне, спорт пен әлеуметтік салаға арнаған тұлға. Еліміздің түрлі өңірлерінде жауапты басшылық қызметтер атқарып, өндіріс, спорт, құрылыс және әлеуметтік қорғау саласында іргелі жобаларды жүзеге асырды.

Еңбегі еленіп, бірнеше мемлекеттік марапаттарға ие болған, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында ұзақ жылдардан бері аянбай еңбек етіп келе жатқан Абдулла Ахметов бүгін 75 жасқа толып отыр.

Құрметті Абдулла мырза! Мерейлі жасыңыз құтты болып, деніңіз сау, еңбегіңіз жемісті болсын. Еліңізге сіңірген еңбегіңіз әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі болары сөзсіз!

В филиале по городу Шымкент и Туркестанской области Республиканского научно-исследовательского института охраны труда уже многие годы трудится известный общественный деятель, дважды кавалер орденов «Знак Почёта» и «Құрмет», Почётный гражданин Туркестанской области, городов Шымкент, Туркестан, Кентау, а также Шардаринского района — Абдулла Ахметов. Его статья была опубликована в авторитетном журнале «Ардагер» в №7 (2025) выпуске.

Абдулла Ахметов родился в 1950 году в городе Кентау Южно-Казахстанской области. Всю свою жизнь он посвятил развитию страны, воспитанию подрастающего поколения, продвижению спорта и укреплению социальной сферы. Работая в различных регионах Казахстана, он занимал ответственные руководящие должности и успешно реализовывал крупные проекты в промышленности, спорте, строительстве и социальной защите населения.

Его заслуги были высоко оценены государством и отмечены многочисленными наградами. Много лет он вносит значительный вклад в развитие системы охраны труда и повышение безопасности на производстве. Сегодня Абдулла Ахметов отмечает свой 75-летний юбилей.

Уважаемый Абдулла Ахметов! От всей души поздравляем Вас с этой знаменательной датой! Желаем крепкого здоровья, долгих лет активной и плодотворной жизни, новых свершений и благополучия. Ваш жизненный путь и преданность делу навсегда останутся примером для будущих поколений.

2025-08-09 | г. Шымкент