Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында «Кәсіптік тәуекелдерді бағалау» тақырыбында екі күндік практикалық курс сәтті өтті.

📍 5–6 мамыр | Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында «Кәсіптік тәуекелдерді бағалау» тақырыбында екі күндік практикалық курс сәтті өтті. Бұл курс — теориямен шектелмей, нақты өндірістік жағдайларға бағытталған тәжірибелік оқыту.

Оқытушылар:

— Ж. Есбенбетова, Кәсіптік тәуекелдерді бағалау орталығының басшысы

— Г. Рахимова, Кәсіби құзыреттер орталығының басшысы

КазМинералс Бозшакөл кәсіпорнының қызметкерлері белсенділік танытып, нөлдік жарақаттану мәдениетін дамытуға деген жоғары қызығушылықтарын көрсетті.

Курс бағдарламасында:

• 2024–2030 жылдарға арналған қауіпсіз еңбек тұжырымдамасының жаңартылған нұсқасы

• Тәуекелге бағдарланған тәсіл арқылы өндірістегі жарақаттану деңгейін нақты төмендету жолдары

• Еңбек жағдайларын, жабдықтар мен жеке қорғаныс құралдарын бағалау әдістері

• Нақты жағдайлармен жұмыс, есептеулер, интегралды тәуекелдерді бағалау

• Есептік құжаттарды формализмсіз толтыру

• Бағалау нәтижелері бойынша нақты түзету шараларын әзірлеу

Бозшакөл командасына кәсібилігі мен белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіреміз!

Бұл — қауіпсіздікке бағытталған білім мен тәжірибенің үйлесімі.

   

📍 5–6 мая | На базе РНИИОТ состоялся двухдневный курс «Оценка профессиональных рисков» — насыщенная программа, ориентированная на практическое применение знаний и инструментов в сфере охраны труда.

Обучение провели:

— Ж. Есбенбетова, руководитель Центра оценки профессиональных рисков

— Г. Рахимова, руководитель Центра профессиональных компетенций

Участники из КазМинералс Бозшаколь активно включились в процесс и продемонстрировали высокий интерес к развитию культуры нулевого травматизма на производстве.

Что было в программе:

• Новая концепция безопасного труда 2024–2030

• Практика применения риск-ориентированного подхода

• Методы оценки условий труда, оборудования и СИЗ

• Работа с реальными кейсами и расчётами

• Интегральная оценка рисков

• Заполнение отчётности без формализма

• Разработка конкретных корректирующих мер

Благодарим команду Бозшаколь за профессиональный подход, инициативность и заинтересованность в повышении уровня промышленной безопасности!

2025-05-06 | г. Астана