Республикалық Еңбекті қорғау жөніндегі ҒЗИ Бас директоры Лязат Ақтаева мен Әзірбайжанның Еңбекті қорғау орталығының өкілі Вусал Мамедов арасында мазмұнды екіжақты кездесу өтті

2–3 маусым күндері Астанада өткен Халықаралық еңбек ұйымының семинары аясында Республикалық Еңбекті қорғау жөніндегі ҒЗИ Бас директоры Лязат Ақтаева мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жанындағы Мемлекеттік еңбек инспекциясы Еңбекті қорғау орталығы басқармасының төрағасы Вусал Мамедов арасында мазмұнды екіжақты кездесу өтті.
Кездесу барысында әзірбайжандық тарап өз елінде еңбек қауіпсіздігі жүйесін жетілдіруге бағытталған реформалармен бөлісті. Атап айтқанда, олардың Еңбекті қорғау орталығы Еңбек инспекциясы құрылымынан шығып, Әзірбайжан Республикасының Еңбек министрлігіне тікелей бағынуға ниетті. Сондай-ақ, орталық міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының қаражаты есебінен қаржыландырылады — бұл тәсіл балама модель ретінде қазақстандық тараптың да қызығушылығын тудырып отыр.
Әзірбайжан делегациясы Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасына ерекше қызығушылық танытты. Бұл құжат ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, ЕҚРҒЗИ-дың қатысуымен әзірленген және қазіргі таңда Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігі жүйесін жаңғыртудың негізі болып отыр.
Жақын арада тараптар Zoom платформасында онлайн-кездесу өткізіп, нақты ынтымақтастық қадамдарын, сондай-ақ әдістемелік және сараптамалық қолдау көрсету мүмкіндіктерін талқылауды жоспарлап отыр.
Бұл кездесу Еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институты үшін Орталық Азия өңірінде ұлттық тәжірибені экспорттау және халықаралық әріптестікті дамыту жолындағы маңызды кезең.
Толығырақ: demx.gov.az
2–3 июня в Астане, в рамках семинара Международной организации труда, состоялась содержательная двусторонняя встреча между Генеральным директором РНИИОТ Лязат Актаевой и Председателем правления Центра охраны труда при Государственной Инспекции Труда Министерства Социальной Защиты населения Азербайджанской Республики Вусалом Мамедовым.
Во время встречи азербайджанская сторона поделилась проводимыми в стране реформами в сфере охраны труда. В частности, было озвучено намерение вывести Центр охраны труда из структуры Государственной инспекции труда и передать его в прямое подчинение Министерству труда Азербайджана. Финансирование центра осуществляется за счёт средств фонда обязательного социального страхования, что вызвало особый интерес со стороны казахстанских коллег как возможная модель для адаптации.
Делегация Азербайджана проявила высокую заинтересованность в Концепции безопасного труда, разработанной Министерством труда и социальной защиты населения РК при участии РНИИОТ. Сегодня КБТ служит основой для модернизации системы охраны труда в Казахстане.
В ближайшее время стороны договорились провести онлайн-встречу в формате Zoom для обсуждения конкретных шагов по установлению сотрудничества, включая методическую и экспертную поддержку.
Эта встреча стала важным этапом для РНИИОТ в рамках продвижения казахстанского опыта в сфере производственной безопасности и развития международного сотрудничества в регионе Центральной Азии.
Подробнее: demx.gov.az
2025-06-03 | г. Астана