Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Халықаралық еңбек ұйымы ұйымдастырған семинарға қатысты.

🔸2025 жылғы 2–3 маусымда Астанада Еңбекті қорғау жөніндегі Республикалық ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері Халықаралық еңбек ұйымы ұйымдастырған семинарға қатысты. Іс-шара Қазақстанда еңбекті қорғаудың өтемақылық моделінен тәуекелге негізделген тәсілге және әлеуметтік қорғаудың жаңа моделіне көшу мәселелеріне арналды.

Семинар Лайықты еңбекті ілгерілету жөніндегі 2024 жылғы Жол картасы аясында өтті. Қатысушылар- министрлік, кәсіподақтар, бизнес және сарапшылар. Олар халықаралық стандарттарға сай жаңа еңбекті қорғау жүйесін кезең-кезеңімен енгізу жоспарын бірлесіп әзірлеуде

ЕҚРҒЗИ кәсіби тәуекелдерді басқару жөніндегі ғылыми тәсілдерді, аналитикалық материалдарды және ұлттық жүйені жетілдіру бойынша шешімдер ұсынды.

🔸2–3 июня 2025 года в Астане сотрудники Республиканского научно-исследовательского института охраны труда приняли участие в семинаре, организованном Международной организацией труда. Мероприятие было посвящено переходу от компенсационного подхода к риск-ориентированной системе охраны труда и новой модели социальной защиты в Казахстане.

Семинар прошёл в рамках Дорожной карты по продвижению достойного труда, подписанной в 2024 году. Участниками стали представители министерств, профсоюзов, бизнеса и экспертного сообщества. Совместно они разрабатывают поэтапный план внедрения новой системы охраны труда, соответствующей международным стандартам.

РНИИОТ представил научно обоснованные подходы к управлению профессиональными рисками, аналитические материалы и решения по совершенствованию национальной системы охраны труда.

2025-06-03 | г. Астана