Салалық конференциялар

📣Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты жұмыс берушілер қауымдастығымен бірлесіп өңірлік салалық конференциялар өткізетін болады.

2023 жылы әлемдегі Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнінің тақырыбы бұл -еңбек саласындағы негізгі қағидат және құқық ретінде қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы. Сондықтан талқылаудың басты бағыты – Қазақстанда еңбекті қорғауды дамыту перспективалары және қауіпсіз еңбекке құқықтарды іске асыру. Конференция екі сессияны қамтиды, олардың бірі G2B форматында еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру мәселелеріне арналған. Екінші сессия шеңберінде В2В форматында еңбекті қорғау және ғылымды коммерцияландыру саласындағы үздік тәжірибелер ұсынылатын болады.

24 сәуірде онлайн-конференция «Kazenergy» қазақстандық мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығымен бірлесіп өткізіледі.

27 сәуірде конференция Павлодар қаласында «PARYZ» ұлттық жұмыс берушілер конфедерациясымен бірлесіп өткізіледі.

15 мамырда конференция Қарағанды қаласында Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығымен (ТМКҚ) бірлесіп ұйымдастырылады.

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні ақпараттық-түсіндіру науқаны ретінде еңбекті қорғау саласындағы проблемаларға және еңбек қызметіне байланысты жарақаттар, аурулар мен өлім-жітім санының өсуіне жұртшылықтың назарын аударуға арналған. Әлемнің барлық аймақтарында үкіметтер, кәсіподақ ұйымдары, жұмыс берушілер ұйымдары және еңбекті қорғау саласындағы тәжірибе мамандары Дүниежүзілік күнге арналған іс-шараларды ұйымдастырады.

Барлық мүдделі адамдарды конференцияға қатысуға шақырамыз.

Қатысу мәселелері бойынша 87770281254 телефонына хабарласыңыз.     

 

24 сәуір 2023, Астана қ.