2024 жылдың 4 қыркүйегінде Астанада «Білім экономикасы және жасанды интеллект дәуірінде әлеуметтік әділеттілікті ілгерілету» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылған. Конференция барысында ғылым, білім және технологиялар арасындағы өзара әрекеттестік, сондай-ақ жасанды интеллекттің қауіпсіздік мәдениетін дамытуға ықпалы туралы негізгі мәселелер қарастырылды.
Іс-шара бағдарламасына стратегиялық сессиялар, Қазақстандағы еңбек қауіпсіздігінің цифрлық трансформациясын талқылау және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен елдің жетекші ұйымдары арасында маңызды меморандумдарға қол қойылды.
Конференция мерекелік концертпен аяқталды.
📅 Күні: 2024 жылдың 4 қыркүйегі
⏰ Уақыты: 10:00 — 17:30
📍 Өтетін орны: Астана қаласы, Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ ұлттық музыкалық драма театры