Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова конференцияның стратегиялық сессиясының жұмысын қорытындылай келе:

«Қазіргі әлемнің жаһандық сын-қатерлері, соңғы жылдардағы оқиғалар мен нәтижелер адамдардың қауіпсіздігіне, әл-ауқатына, корпоративтік мәдениеттің рөліне баса назар аудара отырып, әлеуметтік саясаттың маңыздылығын тағы да атап өтті. Сондықтан біз еңбекті қорғауды басқару жүйесін жаңартуға кірістік, еңбек заңнамасына еңбекті қорғауды басқаруда жүйелі тәсілді кеңінен енгізуге және кәсіптік тәуекелдерді бағалауға қатысты жаңа нормалар енгізілді»

Ол сондай-ақ еңбекті қорғау саласындағы цифрлық трансформациялар мемлекеттік бақылауға әсер еткенін атап өтті. Жұмыс берушінің еңбек заңнамасы талаптарының сақталуын өзін-өзі тексеруден өтуін көздейтін «Онлайн еңбек консультанты» функционалы іске қосылды. Ішкі бақылауды дамыту үшін алғышарттар жасалды. Қабылданып жатқан кешенді шаралар нәтижесінде өндірістік жарақаттануды төмендету бойынша оң динамика сақталуда.

27 мамыр 2022.