«Өндірістегі цифрлық трансформация және инновациялық технологиялар» форсайт сессиясында мемлекеттік органдардың, таяу шет елдердің еңбек инспекцияларының, қазақстандық және халықаралық компаниялардың басшылары Қазақстан кәсіпорындарындағы еңбек жағдайларының жай-күйін, оны жақсарту бойынша қабылданып жатқан шараларды талқылады; таяу шет елдердегі еңбек саласындағы қадағалау-бақылау қызметін жетілдіру, тәуекелдерді азайту мақсатында цифрлық трансформацияны қолдану және сала көшбасшыларынан еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселелерінде қатерлердің алдын алу. Бұл сессия сұрақ-жауап форматында өтті.
Республикалық еңбекті қорғау ҒЗИ Бас директоры Шолпан Әбікенова қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.