Бүгін Алматы қаласындағы Ғылым Ордасы ғимаратында Мемлекет басшысының қатысуымен Ғылым Академиясының 75 жылдығына арналған ҚР Ұлттық Ғылым академиясының жалпы жиналысының салтанатты сессиясы өтуде.
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты сессияда сөйлеген сөзінде академияның әлеуеті әлі де жоғары екенін және оның мәртебесін арттыру қажет екенін атап өтті-бұл құрылым ғылыми ойдың орталығына айналуы тиіс.
Шақырылған қонақтар қатарында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының бас директоры, ф-м.ғ. к., қауымдастырылған профессор Шолпан Әбікенова бар.