Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау республикалық ғылыми-зерттеу институтында мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.

2022 жылғы 3 маусымда Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау республикалық ғылыми-зерттеу институтында мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылғы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында жыл сайын 4 маусым Мемлекеттік рәміздер күні ретінде атап өтіледі.
Институттың заңгері Ж. А. Кемелова Мемлекеттік рәміздер туралы баяндама жасады. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен аяқталды.
Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді білуге және құрметтеуге міндетті.

3 маусым 2022.