КӘСІБИ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАҒАЛАУ ОРТАЛЫҒЫ
Кәсіптік тәуекелдерді бағалау орталығы "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Бөлім қызметінің мақсаты кәсіптік тәуекелдерді бағалау, Өндірістік объектілерді аттестаттаудан өткізу негізінде еңбекті қорғауды басқару жүйесін жаңғырту бойынша сараптамалық-талдамалық қызметтер көрсету болып табылады.
Орталық қызметінің бағыттары
- өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша аттестаттауды жүргізу;
- кәсіби тәуекелдерді бағалауды жүргізу
Өндірістік объектілерді аттестаттау нәтижелері:
- өндірістік объектілерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келтіру үшін еңбек жағдайлары мен қауіпсіздігін жақсарту жөніндегі ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенін жүргізу;
- өндірістік орта жағдайларының нақты жағдайын және жұмыс орындарындағы еңбек қауіпсіздігін бағалау;
- қызметкерлердің жеке және ұжымдық қорғаудың қажетті құралдарымен қамтамасыз етілуін, олардың нақты еңбек жағдайларына және оларға қойылатын стандарттар талаптарына сәйкестігін айқындау;
- кәсіптік ауруға күдік болған кезде аурудың кәсіппен және орындалатын жұмыспен байланысын айқындау және кәсіптік аурудың диагнозын белгілеу үшін, оның ішінде сот тәртібімен даулар мен өзге де келіспеушіліктерді шешу кезінде зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс істеу фактісін растау;
- өндірістік объектіні немесе жабдықты пайдалануды тоқтату (тоқтата тұру), сондай-ақ технологияны өзгерту туралы шешім қабылдау;
- еңбек жағдайларының жай-күйі туралы статистикалық есептілікті жасау;
- қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру кезінде сақтанушының (жұмыс берушінің) сақтандыру тарифін айқындау;
- Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген еңбек жағдайлары зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін қызметкерлерге еңбекақы төлеу және жеңілдіктер мен өтемақылар беру негіздемесі;
- қызметкерлердің еңбек жағдайларының жай-күйі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, зиянды өндірістік факторлар және олардың әсерінен қорғау жөніндегі шаралар туралы дұрыс ақпарат алуы.
Кәсіби тәуекелдерді бағалау кезеңдері:
- зиянды және қауіпті факторларды анықтау (Механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық, психофизиологиялық);
- кәсіби тәуекелдерді бағалау (еңбек жағдайларының зияндылығы, жұмыс орнының жарақат алу қаупі, жабдықтың қауіпсіздігі, жеке қорғаныс құралдарымен және сырқаттану қаупімен қамтамасыз ету);
- нәтижелерді ресімдеу (нысандарды, хаттамаларды толтыру және есепті дайындау)
Байланыс деректері
Мекен-жайымыз: ҚР, Астана қаласы , Кравцов көшесі 18
+7 (7172) 57 05 95 (ішкі 108, 105)
Е-mail: copr@rniiot.kz