Кәсіби құзыреттерді дамыту мақсатында ҚР Мемлекеттік еңбек инспекторлары 2023 жылғы 5-9 маусым аралығында республикалық еңбекті қорғау ғылыми-зерттеу институтының кәсіби құзыреттер орталығында біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Курстар барысында тыңдаушылар осы саладағы халықаралық еңбек нормалары, өз жұмысының тиімділігін қамтамасыз етудің негізгі функциялары және еңбек, әлеуметтік саладағы жаңа үрдістерді қалай талдау керектігі туралы кең білім алды.

Тестілеу қорытындысы бойынша сертификаттар табысталды.