ҚР ЕХӘҚМ Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтында 2023 жылғы 7 маусымда гибридті форматта (офлайн/онлайн) ғалым хатшының, Биомониторинг және еңбек гигиенасы бөлімі, Экономикалық өлшемдер және статистика бөлімі, Әлеуметтік-құқықтық зерттеулер бөлімінің ғылыми қызметкерлерінің және Алматы, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Көкшетау, Өскемен қалаларында орналасқан филиалдардың қатысуымен кезекті пәнаралық ғылыми семинар өтті.

Биомониторинг және еңбек гигиенасы бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, химия ғылымдарының кандидаты Г.Е. Исамадиева «Жұмыскерлердің кәсіптік тәуекелін бағалау үшін өндірістік орта мен еңбек процесінің зиянды факторларының жіктемесін әзірлеу» тақырыбында баяндама жасады.

Гүлнара Егланқызы, КИОШ-2023-те айтылған Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы шеңберінде еңбекті қорғау саласындағы жаңа трендтер аясында зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың (шамамен 150) ауқымды тізбесін қамтитын жаңа әзірлеу туралы ақпаратты таныстырды.

Жетекші ғылыми қызметкерлер биология ғылымдарының кандидаты А.С. Құрманбаева (Ақмола облыстық филиалы), экономика ғылымдарының кандидаты А.П. Коваль (Қостанай облыстық филиалы), медицина ғылымдарының кандидаты Л.Р. Еділбаева (Алматы қ. филиалы), жас ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ докторанты Д.Б. Қазбекова (Әлеуметтік-құқықтық зерттеулер бөлімі) жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету тәртібімен өзара байланысты қоса алғанда, өндірістегі қолданыстағы зиянды факторларды жіктеудің өлшемшарттарына, негізгі элементтеріне, апробациясына және қолданбалы маңыздылығына қатысты сұрақтар қойды.

Жалпы, өзара мүдделі және сындарлы диалог өтті, семинар сонымен қатар Институттың әзірлемелері туралы жаңа өзекті ақпаратты жеткізу бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу міндетін орындады, оларды ҚР Еңбек кодексіне және тиісті заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен реттеуші саясатқа енгізу жоспарланып отыр.