2023 жылғы 27 шілдеде «Кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша жеке қорғаныс құралдарын таңдау» №2 бағыты бойынша Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасын әзірлеу жөніндегі Жобалық кеңсенің жұмыс тобының кезекті отырысы онлайн форматта өтті.

Отырыс барысында «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В.» Өндірістік гигиена басқармасының басшысы М. Мамбетов тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарының тиімділігін бағалау тәсілдері таныстырылды және оларды қызметкердің кәсіптік тәуекелін бағалау процесінде ЖҚҚ қамтамасыз етуді бағалауда пайдалану ұсынылды. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясының Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу және шешу бөлімінің басшысы М.Имаш,  «Қаражамбасмұнай» АҚ Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және қоршаған ортаны қорғау департаменті директорының орынбасары С. Бисенов жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету қағидалары жобасына ұсыныстар ұсынылды.

«Энергоконтракт» компаниялар тобының бас директоры, жетекші ресейлік жоғары технологиялық жеке қорғану құралдарын әзірлеуші және өндіруші М.Голованов энергетикада  жұмыскерлерді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету бойынша тәжірибесімен және нормативтік ерекшеліктерімен бөлісті. Жұмыс тобы мүшелерінің жобалық кеңсеге түскен ұсыныстары да талқыланып, модератор айтты. Баяндамашылардың қатарында жоғарыда аталғандармен қатар «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС мен  Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының өкілдері болды. Еңбек қауіпсіздігі саласындағы жетекші мамандар арасында сындарлы пікір алмасу болды.