2023 жылғы 26 шілдеде онлайн-форматта Жұмыс орнын кәсіптік тәуекел дәрежесі бойынша саралау № 1 бағыты бойынша жұмыс тобының кезекті отырысы өтті, онда Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. өнеркәсіптік гигиена бөлімінің бастығы М. Мамбетов мұнай және газ өңдеу кәсіпорнында кәсіптік тәуекелді бағалау бойынша өздері қолданатын әдістемелер мен тәсілдерді таныстырды, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының Әлеуметтік-экономикалық қатынастар және әлеуметтік әріптестік комитетінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, еңбек дауларының алдын алу және шешу мәселелері жөніндегі бөлімінің меңгерушісі М.М. Имаш кәсіптік тәуекелдерді бағалау жіктеуішінің мазмұны, оның ішінде кәсіби инфекцияларды, психоэмоционалдық жүктемені, түсі мен иісі жоқ зиянды заттарды қосу жөнінде ұсыныстар айтты.

Жобалық кеңсе мүшелері негізгі спикерлерге сұрақтар қойып, КТБ әдістемесін есептеу формулалары, сырқаттанушылықты бағалау, мамандандырылған ұйымдарға жүргізілетін кезеңділік пен талаптар, КТБ рәсімдерін автоматтандыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды айтты.

Жалпы, 5-14 шілде аралығында алғашқы ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізгеннен кейін жобалық кеңсеге 17-ден астам ұсыныстар мен ұсынымдар келіп түсті.

Кәсіпорындарда пилоттық апробацияға дайындық жұмыстары жүргізілуде.