2023 жылғы 24 маусым – «Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды және еңбек инспекциясының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етудегі кәсіподақтардың рөлі» Орталық Азия елдері кәсіподақтарының өңірлік конференциясының екінші күні.
Модератор: Гоча Александрия — Халықаралық еңбек ұйымының және ACTRAV еңбекшілер мәселелері жөніндегі аға маманы.
Әзербайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінен қоғамдық бақылау, техникалық инспекторлардың қызметі, кәсіпорындар мен жұмыс орындарында қауіпсіз және салауатты өндірістік ортаны қамтамасыз ету, ұлттық заңнамалар мен құқық қолдану практикасын жетілдіру перспективалары туралы қызықты және эксклюзивті ақпарат.
Талқылау аясында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының атынан Бас директордың ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары, з.ғ.к., қауымдастырылған профессор, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның сараптамалық кеңесінің мүшесі Ә.Б. Бекмағамбетов сөз сөйледі.